АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Түлкібас ауданының орталық ауруханасының жанында жаңа компьютерлік томография кабинеті ашылды. Жоғары технологиялық аппарат дерттерді ерте кезеңде анықтауға және нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.
КТ-зерттеулерді сәулелі диагностика мамандары өткізетін болады. Олардың барлығы оқудан өтіп, лицензия алған. Бұл медициналық қызмет ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі, сонымен қатар ақылы түрде де өткізіледі.
– Жаңа кабинеттің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Е. Орманов және аурухананың басшысы Ж.Тоғайбекова қатысып, лентасын қиды.
Енді Түлкібастықтар үшін диагностикалық қызметті ауданнан шықпай-ақ алу мүмкіндігі туындап отыр.
Оның үстіне, аудан тұрғындары аталған қызметті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында амбулаториялық деңгейде тегін алады. Яғни, жергілікті емханаға жүгініп, учаскелік дәрігерден компьютерлік томографияның тегін қызметіне жолдама ала алады. Аппарат мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйеге жіберу автоматты жүйесіне қосылған. Бұл нақты уақытта республиканың кез келген нүктесінде өткізіліп жатқан зерттеуді бақылауға және науқасты әрі қарай дұрыс емдеу тактикасын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Аудандық орталық аурухананың баспасөз қызметі.


