ТҮЛКІБАСТА МЕДИЦИНА НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТАҒЫДА БІР ЖАҢА НЫСАНМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін Түлкібас ауданына қарасты 1800-ге жуық тұрғыны бар Ақбиік елді мекенінде жаңа, заманауи медициналық тірек ел игілігіне пайдалануға берілді.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Тоғайбекова, ауыл ақсақалдары мен ауылдан сайланған мәслихат депутаты және ауыл әкімі қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Заманауи дәрігерлік амбулаторияда 1-жалпы дәрежелі дәрігер, 1-фельдшер және 2 медбике халыққа қызмет көрсететін болады.

Осылайша ауыл тұрғындары алғашқы көмекті алысқа бармай-ақ қолжетімді жерден ала алады.